3070

Елордада ТЖ режимінен кейін қоғамдық көліктің жұмысы жандана бастады

Бүгін, 14 мамырда желіге 530 автобус шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұған дейін 12 мамырдан бастап сағат 07:00-ден 21:00 аралығында қаладағы қоғамдық көлік жұмысын қайта бастады.

Алғашқы күні қоғамдық көлікті 146 907 жолаушы пайдаланды, оның 2 787 оқушы, 36 884 әлеуметтік жеңілдікке ие азаматтар. 13 мамырда жолаушылар легі 205 295 көрсетті, оның ішінде 48 418 жеңілдікке ие адамдар болса, 3 686 оқушы бар.

Карантин енгізілгенге дейін жолаушылар легі күніне 762 мың адамды құраған болатын.

«Бүгін желіде барлық қалалық бағдарлар жүріп жатыр. Қала аумағына қатынайтын бағдарлар екінші кезеңде жүретін болады, ол туралы қосымша хабарлаймыз», - деді City Transportation Systems (CTS) компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Қоғамдық көліктер жұмысын бастаған алғашқы күні желіге 450 автобус шықты. Ал 13 мамырда – 490, 14 мамырда – 530 автобус.  Карантинге дейін желідегі автобустардың саны 872 құраған болатын.

«Барлық автобустар бұрынғыдай дезинфекцияланады. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды: маска мен қолғап киіп, антисептик пайдаланады. Сондай-ақ санитарлық нормаларды жолаушылар да сақтауы тиіс. Қазір жүргізушілерге қойылып отырған талап – автобуста жолаушылар жүктемесі 50%-дан аспауы керек. Басқа уақытта автобустарға түсетін орташа жүктеме 15% құрайды, ал жұмысқа баратын және қайтатын сәтте, яғни қарбалас кезінде бұл талаптар орындала бермейді», - деді Игенбердинов.

Бұдан бөлек, қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу керек. Ол үшін көлік картасын немесе басқа да балама әдістерін:  SMS, QR-код және мобильді қосымшаны пайдалануға болады. Айта кетейік, карантинге дейін автобустардағы қолма-қол ақшасыз төлем 98% құрады.

«Карантин кезінде алынған айлық жолақы билеті автоматты түрде пайдаланушылардың көлік картасына ауыстырылды. Жолақы  12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды», - деді басқарма төрағасы.

Еске сала кетейік, биыл 28 наурыздан бастап қосымша тарифтік жоспар іске қосылды. 18 жасқа толған балалар көлік картасы болса қаланың қоғамдық көліктерінде тегін қатынай алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109