7543

Жұмыспен қамту жол картасы аясында жұмысқа орналасу үшін қайда жүгіну керек?

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-21» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Президенті тапсырмасы бойынша, елордада «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-21» инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асыру басталды.

«Жоба аясында біз 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 600-ден астам адам жұмысқа тұрады. Бүгінде жұмыспен қамту орталығы келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: орталық қажетті білікті мамандарды іріктейді және оларды жұмыс берушілермен сұқбатқа жібереді», – дейді «Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Бақытбек Қабжанов.

Орталық басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында машина операторлары мен жүк көліктері жүргізушілері мамандықтары сұранысқа ие екенін атап өтті. Бүгінде жол картасы аясында жалақы мөлшері – 85 мың теңге және одан да жоғары.

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 1 500 адам жұмысқа орналасты.

«Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, орталықта осы мәселе бойынша жедел штаб бар. Біз Бейбітшілік көшесі 25 үйде орналасқан «Өркен» бизнес орталығында қызмет көрсетеміз. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ елді-мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қарастырамыз», - деп түйіндеді Б.Қабжанов.

Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 117 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішінде әлеуметтік салаға – «Жастар» сарайын күрделі жөндеу, Бейбітшілік және келісім сарайын ағымдағы жөндеу, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларды жөндеу жатады. Тағы бір ірі бағыт – аула аумақтарын, саябақтар мен скверлерді абаттандыру. Инженерлік-көлік инфрақұрылымына жолдарды жаңғырту және салу жатады. ТКШ саласында оңалту орталығының құрылысы, 600 орындық мектеп құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109