1312

Елорданың ЖОО оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

Аз қамтылған отбасылардан шыққан елордалық студенттерге оқу ақысын төлеуді кейінге шегеруге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күні астанада 1319 университет бітіруші студент оқу ақысын төлей алмай отыр.

«Бұл мәселені шешу үшін ЖОО басшыларымен бірлесе, оқу ақысын төлей алмаған 4 курс студенттерінің төлем мерзімдерін маусым айына дейін ұзартуға келістік», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Оның айтуынша, университеттер әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер жасалатын болды. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 114 студентке жеңілдік беріледі. Технология және бизнес университеті 72,  ҚазГЗУ – 29 және «Тұран-Астана» университеті 15 студентке жеңілдік жасаған. 

Бұған қоса, елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы шет елде білім алатын (Варшава - 85, Мәскеу - 149)  234 студентті Нұр-Сұлтан қаласына күтіп алу, оларды қонақ үйлерге жайғастыру және басқа өңірлерге жөнелту жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар басқарма Қазақстанның өзге аймақтарына шет елдерден (Кипр-1, Ресей-37, Болгария-2, Польша-42 , Нидерланды-16, Таиланд-4 және Біріккен Араб Әмірліктерінен-14) ұшып келген 116 студентті елордаға арнайы автокөліктермен алып келуді ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, басқарма елорданың Волонтерлік штабының жұмысын үйлестіріп отыр. Қазіргі таңда, белсенді 1300 волонтер короновирусқа қарсы күреске өз үлестерін қосуда. Еріктілер аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізіп, блокпосттарда жұмысқа асталысып жүр. Қалалық волонтерлар штабы 15 наурыздан бастап бүгінге дейін «Birgemiz» қорымен бірге, қаламызда 2 млн. медициналық маска таратты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109