911

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жұмысы жалғасуда

10 мыңға жуық медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуді үйреніп, компьютерлік сауаттылығын арттырды.  1 млн медициналық құжат цифрландырылды, соның арқасында әр тұрғынның электронды денсаулық паспорты бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Халықтың денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сауаттылығын арттыру үшін барлық  емханаларда ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасында жұмыс істеуді үйрететін цифрлық бекеттер құрылды. Онда тұрғындар дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу немесе оны үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижесімен танысуды үйренді», - делінген қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алғаш рет «Астана – адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп, денсаулық сақтау ұйымдары берген анықтамалардың заңдылығын тексеретін ақпараттық сервис әзірленді. Берілген әр медициналық анықтамаға (жұмысқа уақытша жарамсыздықты  растайтын қағаз,  083, 086, 094, 095 анықтамасы) QR-код енгізілген, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

Халықпен кері байланыс орнату үшін «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы онлайн-режимде науқастардың көрсетілген қызметке қанағаттану деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық сервис жасалды. Елорданың барлық медицина мекемелеріндегі дәрігерлердің есіктерінде QR-коды бар арнайы тақтайша бар. Кодты сканерлеп, дәрігердің этикасы бойынша пікір қалдыруға болады. Бұл шаралар халықпен кері байланысты жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттырады.

«Медицина ұйымдарының техникалық дайындығы: 100% компьютер техникасымен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Нұр-Сұлтанның 93 медициналық ұйымының барлығы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көрсету туралы келісім жасап, ҚР ДСМ мен «Сақтандыру»  ақпараттық жүйесімен  100% интеграцияланды», - деді

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109