3799

Өмір үшін ағаш отырғыз

Бүгін Тұңғыш Президент саябағында символикалық мәні бар акция өтті: барлық діни конфессиялардың өкілдері жаңа өмірдің бастауы ретінде ағаш отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күніне ұйымдастырылып келді. Биыл коронавирус инфекциясының пандемиясына орай Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты межеленген уақытта өтпей қалды.

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов – бүгін Конфессияаралық келісім аллеясында ағаш отырғызғандардың бірі. 

«ТЖ режимі алынды, елорданың саябақтары ашылды. Екі аптаға кешіксе де, акция өтті. Қазақстандағы  барлық конфессиялардың жетекшілері ағаш отырғызды. Мұндай акциялар Қазақстанның халқы бірге екенін көрсетеді. Ең бастысы – осы!», - деді М.Шекенов.
Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов акцияның маңыздылығын айта отырып, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисін еске алды.

«Ол «Кімде-кімнің қолында бір шыбығы болса, Қиямет басталды десе де дереу шыбығын ексін» деген. Хадистің мағынасы әр мұсылман өз елінің дамуы мен көркеюіне үлес қосуы тиіс дегенді білдіреді. Қазақстанда ортақ мақсат – біздің ортақ үйімізді дамытуға мүдделі түрлі конфессиялардың өкілдері өмір сүреді», деді Нұр-Сұлтанның бас имамы.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының астаналық Христиан Інжіл шіркеуінің пасторы Александр Клюшев ағаш отырғызу акциясы Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің көрінісі екенін айтты.

«Енді біз көшеттерді күтіп, баптаймыз. Әрі бұл осы ағашты отырғызған жандардың жүргеніне жылулық сыйлайтын болады, тіпті ағашты кім отырғызғанын білмейтін адамдар үшін де», - деді ол.

Акцияны Нұр-Сұлтан қаласның Дін істері басқармасы ұйымдастырды. Оның мақсаты – қоғамдақтыстықтың назарын қаланың тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ұлтаралық татулыққа аудару.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109