1772

А.Көлгінов қаланың абаттандырылуы туралы: Барлығы адамдардың игілігі үшін жасалуда

Нұр-Сұлтанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру белсенді жүруде. Биыл шамамен 150 аула абаттандырылып, қаланың барлық ауданы қамтылады. Бүгін астана әкімі Алтай Көлгінов А.Бараев көшесіндегі 10/1, 10/2, 10/4, 10/5, 10/6  үйлердің ауласындағы жұмыс барысымен танысып, тұрғындармен әңгімелесті.
«Балалар ойнайтын жер  болмап еді. Біздің ауламызда жаңа балалар алаңы салынатынына қуаныштымыз. Жастардың жаттығатын жері жоқ-ты. Енді спорттық құралдар орнатылатын болды. Тіпті, бөлек көлік тұрағы да салынады. Демек, қауіпсіз болады», - деді Жастар шағын ауданының тұрғындары.
Алаңдар бірнеше аймаққа бөлінеді: балалардың ойын алаңы, жаттығу, спорт және демалыс алаңы. Бұған қоса скейт парк пен көлік тұрағын салу жоспарланған. Шағын сәулет формалары орнатылады.
150 аула мен аулалық аумақты абаттандыру биыл 250 көппәтерлік тұрғын үй кешенін қамтиды, бұл -  150 мыңнан астам адам.
Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда 50-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қоғамдық кеңістікті дамыту тұрғындардың пікірін ескере отырып жүргізіледі. Мәселен, Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай көшесі, 11) қоғамдық кеңістікті қалпына келтіру жоспарлануда.
Бұған қоса, елордада жол жөндеу басталды. Биыл ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көше жөнделеді. Оның ұзындығы 60 шақырымды құрайтын 100 көшесі тұрғын алаптарында. Барлық тұрғын алаптары қамтылады.
Алтай Көлгінов бірқатар көшенің құрылысымен танысты. Мысалы, Кирпичный тұрғын алабында (Байқоңыр ауданы) Жолымбет көшесінде орташа жөндеу жүріп, 9 көшеге асфальт төселеді.  Агроқалашық тұрғын алабында (Сарыарқа ауданы) күзге дейін 21 көше, Оңтүстік-шығыс тұрғын алабында (Алматы ауданы) 18 көше жөнделеді.
Елорда әкімі Өндіріс тұрғын алабындағы жол жұмыстарының барысымен де танысты. 
«Бізде бұған дейін асфальт болмады. Бүгін салып бастады, қазір аяқтауға жақын. Біз өте қуаныштымыз. Немерелеріміз велосипед теуіп, серуендей алатын болды», - деді тұрғындар.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аталған бағыты бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, ел билігі бекіткен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша  қалада жаңа 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Еңбекпен қамту бірінші кезекте  жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109