4752

Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жабылды

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысандар жабылды: құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар (өзімен бірге алып кету қызметі жұмыс істеген) және т. б.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды. Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар өкпеде ұлпаның фиброзы түрінде ошақтар пайда болады – тыныс алу жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өкпе қызметі әлсірейді. Ауырғандарда бірер жылдан кейін қандай асқынулар туындауы мүмкін екені әлі белгісіз.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарауға болмайды. «Адамдар босаңсымауы, маска тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала тағы да қатаң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмірге тезірек оралу өзімізге байланысты».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109