1033

Елорда әкімдігі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақ үйлердің дайындығын тексерді

Қалалық әкімдік қызметкерлері қонақ үйлердің келушілерді қабылдауға дайындығын анықтау үшін инспекция өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қала әкімі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақ үйлердің дайындығы туралы мәселе көтерді. Бүгін мұнда санитарлық қорғау шаралары қабылданғанына көз жеткіздік», – деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

«Astana Marriott» қонақ үйінің бас менеджері Құралай Оңғарованың айтуынша, дезинфекция және санитарлық норманы сақтау міндетті және бұлжытпай орындалады.

«Бүгін қонақ үйлерді аралап көрдім. Келушілерді қабылдауға дайын екеніне көз жеткіздік – барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Бүгін «Astana Marriott» және «G Impire» қонақ үйлері тесеруден өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109