3001

Нұр-Сұлтанда базарлар мен қонақүйлер карантин уақытында жұмысын қалай қайта бастады?

Нұр-Сұлтанда күнделікті негізде әкімдіктің мобильді тобы СЭС қызметкерлерімен бірге базарлардың, дүкендер мен қонақүйлердің санитарлық нормаларды сақтауын тексереді. 

Кәсіпорындар мен нысандардың басшылары барлық қызметкерлер мен келушілер үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуі тиіс.

«Әр бутикте антисептиктер бар. Клиенттер әр бутикте қолдарын өңдей алады. Міндетті түрде 2 сағат сайын едендерді жуамыз, арнайы ерітінді бар. Жалға алушылар маска мен қолғап киюге міндетті. Қатаң талап етеміз, қадағалаймыз», - деді “Астаналық базар” әкімшісі Наталья Бирханова.

Еске салайық, азық-түліктен басқа заттарды сататын базарлар 16 мамырда, ал қонақүйлер 18 мамырда жұмысын қайта бастады. Басты шарт - санитарлық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау.

«Қонақүйлерді тексердік. Қонақүйлер келушілерді қабылдауға дайын. Барлық эпидемияға қарсы шаралар сақталып жатыр»,- деп атап өтті елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева.

«Карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген барлық базарлар, қонақүйлер және басқа нысандар қызметкерлерді антисептиктермен, маскалармен қамтамасыз етуге міндетті. Нысандардың басшылығы санитарлық шаралардың сақталуын бақылап жатыр. Мәселен, тұрғындарға медициналық маскасыз базарға немесе басқа да нысандарға кіруге тыйым салынады. Олар үздіксіз дезинфекция жүргізуде. Аталған жұмыстар жалғасады және басшылардің бақылауында болады»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Бекмурзаев.

Коронавирустың таралуын болдырмауға арналған ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 18 мамырдан бастап елордада бірқатар нысандар өз жұмысын қайта бастады. Олар: қонақүйлер, қоғамдық тамақтану (сыйымдылығы 30 орынға дейін), жазғы алаңдар (кафе/мейрамханалар), діни нысандар (сыйымдылығы 30% - дан аспайтын). Басты шарт - санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Ережебұзушылық болған жағдайда нысандар жабылып, жұмысын тоқтатады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109