1767

Нұр-Сұлтанда дәмханалар мен мейрамханалар қайта ашылуда

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар мен қонақ үйлер жұмысын қайта бастады. Жұмыстың басты шарты – қатаң санитарлық нормаларды сақтау, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 «Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау, отыратын орындар санын 50-ден асырмау. Сонымен қатар кафе қонақтары 30-дан аспауы керек», – дейді қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

Оның айтуынша, бизнестің барлық нысандарына қатаң мониторинг жүргізіліп жатыр. Жақында ғана 10 нысан жабылды. Олардың ішінде құрылыс компаниялары, сондай-ақ дүкендер мен басқа да нысандар бар.

«Талаптар бойынша қосымша шаралар қолданбайынша нысандар ашылмайды. Егер қалалықтар немесе бизнес нысандары қатаң санитарлық эпидемиологиялық нормаларды ұстамаса, өкінішке орай, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта оралуға мәжбүр болады», – деді Е.Бекмұрзаев.

Сонымен қатар бизнеске барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға назар аудару ұсынылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109