1328

Қорытынды аттестаттау және дипломдық жұмыс онлайн өтеді

Қашықтан оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін оқушылар мен педагогтарды компьютер және интернетпен қамту бойынша мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл қорытынды аттестаттау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау Microsoft teems, АИС «Platonus» платформаларында, ZOOM, Google class room арқылы бейнебайланыспен онлайн өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ барлық емтихан бейнежазбаға жазылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қашықтан оқудың нәтижелі болуы мақсатында оқушылар мен педагогтардың компьютер және интернет желісімен қамтылуына мониторинг жүргізілген.

«Мониторинг қорытындысы бойынша білім басқармасымен мектеп балансындағы 7118 компьютер көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 6500 оқушыға және 618 педагогке уақытша пайдалануға берілді. Қосымша 2 613 ноутбук және интернетпен қамту үшін 5 200 флеш-карта сатып алынды», – Алтынай Зарлыққызы.

Осы оқу жылында колледждердегі түлектер саны – 6 605 студент, оның ішінде 3 787-сі мемлекеттік таспырыспен бітіреді. Білім алушылар мен оқытушылар қажетті техникамен: компьютер, флеш-карта және wi-fi роутермен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, студенттерге 1 280 910 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. 1000-нан астам ақылы топта оқитын студенттерге оқу ақысы төлей алмауына байланысты биылғы тамыз айына дейін шегерілді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109