942

Нұр-Сұлтанда саябақтар, скверлер, қоғамдық орындар коронавирусқа қарсы өңделуде

Нұр-Сұлтанда дезинфекция жұмыстары жалғасуда.

11 мамырдан бастап қала тұрғындарына қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып саябақтарға, алаңдарға және скверлерге баруға рұқсат етілді. Демек, аталған орындар аумағында дезинфекция жүргізіледі.

«Бүгін ботаникалық бақта, «Жерұйық» және «Ақжайық» саябақтарында дезинфекция жүргіземіз. ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан, вирусты жұқтыру қаупі әлі де бар. Карантиннің босаңсуына байланысты саябақтарда халық көп. Сондықтан біз барлық қоғамдық орындарда дезинфекцияны күшейтеміз», – деді «Астаналық дезинфекция» ЖШС директорының орынбасары Арман Әлімбеков.

Тұрғындар қашықтықты қатаң сақтауға, бетперде киюге, топтанып жиналмауға тиіс.

Елорданы өңдеу бірнеше кезеңде жүргізіледі. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекция жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың, базарлардың, сауда орталықтарының, блокпостардың аумақтары, сонымен қатар аулалар, балалар алаңдары, үйлердің кіреберістері және адамдар көп жиналатын басқа да орындар өңделеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109