1042

«Балалар ойнайтын жер болмады» – Нұр-Сұлтанда 150 аула абаттандырылады

Нұр-Сұлтанның барлық ауданында аула мен үй аумақтарында абаттандыру жүріп жатыр. Биыл 150-ге жуық аула абаттандырылады. Олардың кейбірі 10 жылдан астам уақыт бойы абаттандырылмаған.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы (Байқоңыр ауданы) жұмыс барысымен танысты. Ауданда 50-ден астам тұрғын үйде 14 мыңға жуық адам тұрады. Аталған шағын аудандағы барлық аула абаттандырылады (барлығы 16 аула).

Нөсер кезінде «Жастар» шағын ауданының ішкі ауласына су ақпау үшін жауын-шашын кәріздерін төсеу қолға алынған.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапасының маңызды екенін атап өтті.

«Біз осы аудандарда тұратын тұрғындар үшін аула іші аумақтары мен ойын алаңдарын жасаймыз. Аулаларды абаттандыруда тұрғындардың пікірін ескеру қажет. Ол үшін биыл барлық аудандар бойынша «Қатысу бюджеті» бағдарламасы іске қосылды. Қай ауланы абаттандыру керек екенін және ойын алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өзі шешеді. Ең алдымен жұмыс тиісті деңгейде орындалуы керек, біз сапасы төмен жұмысты қабылдамаймыз. Сондай-ақ аудандарды көгалдандыруға ерекше назар аудару қажет. Биыл қалада 30 мыңға жуық ағаш отырғызылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, биыл елордада 50-ге жуық қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар және басқа да көпішілік орындар) абаттандырылады

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109