1123

Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупі туралы мегафон арқылы хабарландыруда

Тәртіп сақшылары мен еріктілер карантин шараларын сақтаудың маңызын түсіндіріп, тұрғындарға бетперде таратуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада Covid-19 жұқтыруды болдырмау үшін қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтау қажеті туралы қала тұрғындарына түсіндірме жүргізу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге қала тұрғындары көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда аялдамаларда маска таратады. Хабарландыру үшін дауыс зорайтқыштар қолданылады.

«Автобус салонына кірер алдында жолаушылар бетперде кию керек. Біз, еріктілер, қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз. Егер жолаушыларда маска болмаса, біз оларды тегін ұсынамыз. Бұл бір реттік емес, жүйелі науқан, ол карантиннің бүкіл кезеңінде жалғасады. Сонымен қатар қала тұрғындарына тек аялдама павильондарында ғана емес, саябақтарда, дәмханаларда, сауда орталықтарында да хабарлайтын боламыз», – дейді ерікті Аян Ерментаев.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Азамат Садықов 11 мамырдан бастап қаладағы төтенше жағдай режимі алынып тасталғанына қарамастан, карантин әлі сақталатынын атап өтті.

«Полиция департаментінің қызметкерлері түсіндірме жүргізуде. Бүгін еріктілермен бірге азаматтар көп жиналатын жерлерде бетперде таратамыз. Акцияның мақсаты азаматтарға коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар екенін түсіндіру», – деп атап өтті А. Садықов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109