1787

Елорда жағажай маусымына дайындалуда

Осы кезеңде күнделікті 20 кәсіби құтқарушы, 14 қайық, сондай-ақ қоғамдық құтқарушылар қатарынан 30 адам, азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығынан 15 адам жұмылдырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тексеріс қорытындысы бойынша қала аумағында 23 шомылу орны анықталды. Олардың үшеуі ғана ресми рұқсат етілген: орталық жағажай, «Три пескаря» және "Астаналық аула" демалыс аймағы, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров.

«Аудан әкімдіктерімен бірлескен аралау қорытындысы бойынша Алматы – 3, Байқоңыр – 1, Есіл – 3 және Сарыарқа – 3 аудандарында он учаскеде тегін жағажайлар ашуға шешім қабылданды», – деп атап өтті Е. Байыров.

Сонымен қатар 9 мамырдан бастап ТЖ департаменті әкімдікпен бірлесіп тыйым салу белгілері мен ақпараттық стендтер орнатып, шомылу орындарының түбін тексеруде. Демалыс орындары мен қалалық жағажай иелеріне ақпараттық хаттар табыс етілді.

Жағажай маусымына күнделікті патрульге жеке құрамның 20 адамы, 14 қайық, сондай-ақ қоғамдық құтқарушылар қатарынан 30 адам және қала әкімдігінің азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығынан 15 адам қатысады.

25 мамырдан бастап су айдыны бойында орналасқан тұрғын үй алаптарында, демалыс аймақтары мен тыйым салынған шомылу орындары бойынша халықпен толық ауқымды ақпараттық-үгіт-насихат жүргізіледі.

Сонымен қатар қала акваториясында полиция, ТЖД, Ұлттық гвардия бірлескен рейд өткізу кестесі бекітілді. Сондай-ақ суға түсуге рұқсат етілген және тыйым салынған орындар көрсетілген патруль картасы жасалды.

Сонымен қатар ТЖД мәліметінше, соңғы үш жылда қала акваториясында 43 адам қаза тапты. Оның ішінде әрбір үшінші адам – 9-дан 15 жасқа дейінгі бала. Сол кезеңде қала су айдындарында 50 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109