1721

Еріктілер елорданың сауда орталықтарының жұмысын жандандыруға көмектесуде

Еріктілер келушілерге бетперде таратуда. Әрбір бутикте санитайзер орнатылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың сауда орталықтары карантин режимінің маңызды нюанстарын ескере отырып, өз қызметін жаңартуда. Оларға еріктілер көмектесуде.
«Біз төтенше жағдай алынғалы адамдар қауіпсіздік шараларын елемейтінін байқадық. Қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Бұл қашықтықты сақтау, масканың болуы, антисептикалық заттарды жиі қолдану. Оның үстіне, олар барлық сауда орындарында берілуде», – дейді «Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Сауда үйлерін аралау кезінде келушілерге маскалар беріледі. Тәртіп сақшылары мен еріктілер аса маңызды санитарлық ережелерді еске салады.
«Сауда орталықтарында міндетті түрде маска тағу керек. Сондай-ақ сізде қолғап пен антисептик болуы тиіс. Масканың жоқтығы үшін жазалау шаралары жоқ, келушілермен түсіндірме жүргіземіз», – деп түсіндірді Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Азамат Садықов.

Қазіргі уақытта қала аумағында 50-ден астам жаяу патрульдер түсіндірме жүргізуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109