1905

Нұр-Cұлтанда құрылыс нысаны карантинге алынды

Нұр-Сұлтанда құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды. Скрининг барысында құрылыс компаниясының инженерінен коронавирус анықталды. Алгоритмге сәйкес, құрылыс компаниясының 600-ден астам қызметкері сынақтан өтіп, 63-тен астам адамда коранавирус расталды. Олардың барлығы стационарда. Барлық аумақ дезинфекцияланды.

21 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 10 нысан карантинде. Нұр-Сұлтанда барлығы 1403 КВИ жағдайы тіркеліп, 633 науқас емделіп шықты.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп күнделікті негізде нысандардың санитарлық нормаларды сақтауы бойынша рейд жүргізеді.

Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін елордада 25 нысан жабылды. Оолардың ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, кафелер, мейрамханалар бар. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар ашылмайды. 150 кәсіпорын ескерту алды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Айта кету керек, елордада маска тағу режимі сақталуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109