1794

«Кәсіпкер ана» жобасы: Мақсат – аналарға ақша табуды үйрету

«Кәсіпкер ана» жобасының жетекшісі Айнұр Әмірхан үй шаруасындағы әйелдермен бизнес жүргізу құпиясымен бөлісіп, оларға өз ісін ашуға көмектесуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда «Кәсіпкер ана» пилоттық жобасы іске қосылды. Әлеуметтік аз қамтылған әйелдерге арналған жобаға бүгінге дейін 700-ге жуық өтінім түсті.

«Елімізде бизнес ашу үшін қолайлы жағдай бар. Өзім Ресейде тудым, сол жақта өстім. Салыстырмалы түрде айтар болсам ол жақта Қазақстандағыдай көмек жоқ. Мұнда тек мораторий, коммуналдық төлемдер арзан, «Даму» қоры бар, арзан мөлшерлемемен несие береді және т.б. Кейде біз қолда барды бағаламайтын сияқтымыз. Ал әлеуметтік аз қамтылған әйелдерге келетін болсақ, әрине олардың өз кәсібін бастауға мүмкіндігі жоқ. Білім, дағды керек. Осы жоба арқылы жұмыссыз әйелдерді креативті ойлауға дағдыландыруды көздедік», – деді Айнұр Әмірхан.

Аз уақыт ішінде 200-ден астам адам қысқа мерзімді курстан өтті. Қажетті дағдыны меңгерген соң өз ісін бастап, ақша табуды үйренгендер бар.

«Бір көпбалалы анамыз өз үйінде құймақ пісіреді. Біз оған жарнама жасап көмектестік. Тапсырыстың көп болғаны сонша, оған тіпті балалары да көмектесті. Екі апта бойы жұмыс істеп жинаған ақшаға балаларына сапалы киім сатып әперді. Тағы бір ана ыдыс аяқты жалға беру арқылы ақша тауып отыр. Қонақ шақырғанда үстелді жабдықтау қызметіне сұраныс жоғары екеніне көз жеткіздік. Айта берсек, жобадан кейін өз кәсібін дөңгелетіп отырған аналар көп. Ең бастысы олар алысқа бармай-ақ қолынан келетін іс арқылы ақша табуды үйренуде. Сондай-ақ ол жұмысқа балаларын да араластырып, оларды ерте жастан еңбекке баулып отыр», – деп қосты жоба жетекшісі.

Карантинге дейін оффлайн форматта өткен оқу коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматқа көшірілді. Оқу ІТ-бағдарламалау, СММ, аспаздық, графикалық дизайн, массаж, кондитер, коуч-психолог және т.б бағыттар бойынша жүргізіледі.

«Кәсіпкер ана» жобасына көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелейтін және АӘК алатын аналар қатыса алады.

«Инстаграм желісінде «Кәсіпкер ана» деген парақшамыз бар. Онда телеграм-боттың сілтемесі көрсетілген. Жобаға қатысқысы келетін аналар қажетті ақпаратты содан таба алады. Карантинге байланысты біраз жоспарымыз өзгерді. Әзірше оқу тек онлайн өтіп жатыр. Карантин алынған соң онлайнмен бірге оффлайн оқытуды да қалдырамыз деп отырмыз. Мәселен, мүгедек баласы бар аналарға үйден шықпай-ақ онлайн оқыған ыңғайлы», – деді жобаның үйлестірушісі Мадина Ибраева.

Жобаның жетекшілері «Кәсіпкер ана» - пилоттық болғандықтан кейбір тұстары жетілдіруді қажет етеді, карантиннен соң одан әрі жетілдіріп, толықтырамыз деп отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109