1470

Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасы дарыны мен жоғары шеберлігі үшін өнер саласының қызметкерлеріне алғыс білдірді

Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасы мәдениет және өнер қайраткерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Кәсіби мерекелеріңіз – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Алғаш рет мерекені карантин кезінде қарсы алуға мәжбүрміз. Өкінішке қарай, қалыпты жағдайда жұмыс істей алмай отырмыз. Құрметті көрермендеріміз және оқырмандарымызбен әңгіме-дүкен құру мүмкіндігі болмай тұр, көптеген әріптестеріміз қашықтан жұмыс істеп жатыр. Қиындықтарға қарамастан біз елорданың мәдениет мекемелерінің қызметкерлерін, мәдениет ардагерлері мен шығармашылық ұжымдарын құттықтағымыз келеді», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының құттықтауында.

Қазір қаланың 66 мәдениет мекемесінде 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

«Олардың өмірі Қазақстанның барлық азаматтарына қажет маңызды әрі игі іске  – отандық мәдениетті сақтап, оны байытуға арналған. Бұл тек маңызды және жауапты еңбек емес, сонымен бірге мәдениет қызметкерлерінің басым бөлігі үшін әуестік», – делінген хатта.

Қала мекемелерінде Қазақстанның халық артистері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің және жоғары халықаралық және мемлекеттік наградалардың иегерлері қызмет етуде. Халықаралық байқаулар мен фестивалдарда елорданың шығармашылық ұжымдары елімізді жоғары кәсіби деңгейде танытып жүр.

«Құрметті достар! Биыл айтулы оқиғалар мен мерейтойлық даталар көп – Абайдың 175 жылдығы, әл-Фарабидың 1150 жылдығы бар. Қазір мәдениет мекемелері Инстаграм, Фейсбук және ютуб-арналардың парақшаларында онлайн іс-шараларды белсенді өткізіп келеді. Қашықтан көрмелер мен жаңа жобаларды өткізуге дайындық жүруде. Атап айтқанда, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимараты, жасөспірімдерге арналған музыкалық театр ашылады деп күтілуде. Театр жылы аясында алғаш рет «Сахна саңлағы» сыйлығы беріледі. Нұр-Сұлтан қаласы – мәдени-рухани ошақ, ең маңызды іс-шаралардың орталығы. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, біздің астанамыз – Еуразияның мәдени орталығы. Елордада өткізілетін мәдени іс-шараларды көруге алыс және жақын шетелдерден мыңдаған көрермен келеді. Креативті мәдени индустрия біздің экономикамыздың басым бағыттарының бірі және оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосуда», – делінген хатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдарының жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға дейін, өңірлерде 35%-ға дейін өсті.

«Мәдениет саласы, сөзсіз әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Атап айтқанда, мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың жұмысына қолайлы жағдай жасау, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүйелі жұмыс болмақ. Құрметті достар! Сіздердің мәдениетке адал қызметіңіз үшін, жоғары кәсібилік, талант пен шеберлік үшін шынайы ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Бірлесіп біз Еуразияның ірі мәдени орталығы ретінде Қазақстанның жетістіктерін еселейтінімізге сенімдімін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық, жұмыста, еңбекте табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!» – деді Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109