800

Қоғамдық бақылау мердігерге жолдағы ақауды жөнге келтіруді тапсырды

«Астана Адалдық Алаңы» бақылау тобы жол жөндеу кезінде мердігерлер тарапынан жіберген кемшіліктерді қайта түзетуді тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін «Сапалы жол» жобасымен танысу үшін, қалалық әкімдіктің «Астана Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, арнайы мониторингтік топ және БАҚ өкілдері тексеріске шықты. Рейдке қатысқан мамандар Сәтпаев көшесіндегі жол төсемесінен ақау тапты.

«Бізге жолдың осы бөлігіндегі бірнеше жерде ақау бар екені туралы ақпарат түсті. Егер жол жақын арада  жөнделмесе, асфальтбетон төсемесіне зақым келеді.  Біздің міндетіміз - дәл осындай мәселелерді жұмыс біткен соң емес, дер кезінде шешу», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің арнайы мониторинг тобының мүшесі Марат Сатарқұлов. Бұл жағдайға қоғам бей-жай қарамағандықтан, мердігер компания кемшіліктерді бірден түзетті.

Мамандардың пікірінше, мұндай әрекеттердің нәтижесінде сапа жақсарады. Жоба сыбайлас жемқорлықты жоюға, оның алдын алуға арналған шаралар ұйымдастыруға және жүзеге асыруға бағытталған.

«Сонымен қатар біз техникалық қадағалау қызметінің жұмысын да бақылаймыз.  Олардың технологиялық процеске қатысты барлық талаптарды және қауіпсіздік шараларын орындауын қатаң қадағалаймыз. Себебі бұл жерде біздің азаматтар қызмет етуде», - деп түйіндеді М.Сатарқұлов.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Сәуле Бисембаеваның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.

«Күн сайын ақпараттық-түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізіледі. Қазір қала әкімдігі осы мәселемен белсенді айналыса бастады. Сондықтан қала тұрғындары кез келген уақытта Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан жобалық кеңсемізге жүгіне алады», – деп атап өтті С. Бисембаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109