598

Еріктілер қала тұрғындарын «Жұмыспен қамту жол картасына» қатысуға шақырады

Бүгін қалалық штаб волонтерлері бірқатар ірі сауда орталықтары мен халық көп жиналатын орындарда болды. Басты мақсат – азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» бағдарламасының артықшылықтарын түсіндіру, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін біз көптеген адамдармен кездесіп, олармен сөйлесуге мүмкіндік алдық. Шынында да, көптеген жұмыссыз жандар жұмыс табуға мүмкіндік беретін, лайықты жалақы алатын бағдарламаның барын білмейді. Біз көмекке жүгінгендердің барлығына қол ұшын созуға дайынбыз. Бұл бір реттік акция емес, мұндай үгіт-насихат тұрақты түрде жүзеге асады», - дейді ерікті Бақтияр Есентаев.

Айта кетсек, елордада «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020-2021» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Қазіргі уақытта қалалық жұмыспен қамту орталығы мынадай алгоритм бойынша жұмыс істейді: орталық қажетті білікті мамандарды іріктеп, оларды жұмыс берушілермен әңгімелесуге жібереді.

Бүгінде жол картасы бойынша жалақы 85 мыңнан жоғары. Жұмыспен қамту жол картасы аясында 1,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ елді-мекендерді абаттандыру мақсатында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109