1695

Елорда тарихында алғаш рет соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді

2019-2020 оқу жылының қорытындысы шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

25 мамыра барлық мектепте оқу жылы аяқталады. Пандемия кезінде қашықтан оқу форматына байланысты мемлекеттік қорытынды емтихандар болмайды. Жылдық қорытынды бағаны қою үшін мектептерде бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілді, деді бүгін брифингте Нұр-Сұлтанның қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

«Бүгін 22 мамырда 11:00-де «Балапан» және «Еларна» арналарында 11 сынып бітірушілердің кәсіби бағдары бойынша телесабақ өтеді. Биыл мектеп бітіру шаралары «Birgemiz: Түлек – 2020» ұранымен өтеді. 25 мамырда сағат 11:00-де барлық мектептерде ата-аналар, қамқорлық кеңесінің мүшелері, мектептің үздік түлектері, бизнес өкілдерінің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-соңғы қоңырау өтеді. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың құттықтауы болады», - деді Ш.Қадырова.

3 маусымда мектептерде 11 сынып түлекеріне аттестат пен «Алтын белгі» табыстау салтанаты өтеді. Жиын мектептің ауласында ашық аспан астында санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Түлектер мектеп формасымен қатысу туралы ескертілді.
Салтанатты жиыннан соң «Түлектер аллеясында» ағаш отырғызу жоспарлануда.

«Мектеп әкімшілігіне мейрахналар мен дәмханаларда мектеп бітіру кешін өткізу кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеуге міндеттелді», - деді басқарма басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл елорда мектептерін 6 515 түлек бітіреді. Оның 6 199-ы немесе 95 % ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.
ҰБТ санитарлық нормаларды сақтай отырып, 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылады. Тест тапсыру уақыты 3 сағат 50 минут, ол екі бөлімнен тұрады – үш міндетті пән (20 тапсырма) және бейіндік пән (30 тапсырма).

Биыл ҰБТ-да 11 сыныптың 4 тоқсанының бағдарламасынан сұрақтар болмайды. Тек 5 сыныптан 11 сыныптың 4 тоқсанына дейінгі оқығандары бойынша тапсырады.

«Осы орайда түлектердің ата-аналарына үйлерінде қалуын сұраймыз, сонда балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайтын боламыз», - деді ол.
Бұған қоса, Ш.Қадырованың айтуынша, 18 мамырда Нұр-Сұлтанның мектепке дейінгі ұйымдары меншік формасына қарамастан «кезекші топтардың» режимінде санитарлық нормаларды сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы дайындық тобының балалары 1 тамызға дейін балабақшаға баруын жалғастырады. 1 маусымнан бастап барлық балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын штаттық режимде қайта жандандыру жоспарлануда», – деді Шолпан Қадырова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109