2119

Елордада балалардың жазғы демалысы қала сыртындағы лагерьде ұйымдастырылады

Лагерьге 2,2 мыңнан астам жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және «қиын» балалар қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жазғы демалысқа шыққан оқушылардың ата-аналарын лагерьлердің жұмыс жасауы мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы алаңдатады. Биыл балаларға арналған жазғы демалыс қала сыртындағы лагерьлерде өтеді. «Аrman» туристік-сауықтыру кешені 900 баланы қабылдай алады, 750 орны бар «Боровичок» сауықтыру лагері, 280 орынды «Батыр» шатырлы лагері және 300 бала қабылдай алатын «Тұлпар» лагері жаз айларында жұмыс істейтін болады», - деп Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бүгінгі брифингте мәлімдеді.

Бұл лагерьлерде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «қиын» балалар мен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары демала алады.

Сонымен қатар, оқушылар сарайында жазғы демалыс академиясы ұйымдастырылады.

«Биылғы Халықаралық балаларды қорғау күні «Барлығы балалар үшін» деген ұранмен өтеді. Жоспарланған іс-шараларға #NS_balalarkuni_bilim хэштегі қойылады. Мейрам күні инстаграм әлеуметтік желісінде балалар психологының, ішкі істер органдары өкілдерінің, адвокаттардың, білім беру ұйымдары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылады және ата-аналар мен балалар құқықтық көмек пен кеңестер ала алады», - деді Ш.Қадырова.
Спорт мектебінің ашылуы күні жүзік ату, бес тас, асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, кір тасын көтеру, қазақ күресі бойынша жарыстар мен мастер-кластар ұйымдастырылады. Балалар «Соқпақ-тропинка» туристік жолағында кедергілерден өтіп, «Эко ASAR»-ға қатысады.

Сонымен қатар, қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мен «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілері үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109