1136

"25 жыл ішінде биыл алғаш рет асфальт төселді", - Нұр-Сұлтандағы "Өндіріс" елді-мекенінің тұрғындары

Биыл Нұр-Сұлтанда жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Оның 100 көшесі елді-мекендерге тиесілі.

"Өндіріс елді-мекенінде тұрып жатқанымызға 25 жыл болды, биыл бірінші рет асфальт төселді. Бұрын біз тіпті елордада тұратынымызды мүлдем сезбейтінбіз. Жолдарда шаң-тозаң, балшық көп болатын. Ал қазір жарық өткізіліп, асфальт төселді. Балалар көшеде ойнай алады, біз де олармен бірге серуендей аламыз. Жол жұмыстарына қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз. Қазір біз елорданың тұрғындары екенімізді анық сеземіз", - деді "Өндіріс" елді-мекенінің тұрғыны Сәуле Құлмайева (Ақпан тұйық көшесі, 7).

"Өндіріс" елді-мекенінде 16 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынса, "Агрогородок" елді-мекенінің 21 көшесінде жұмыстар жүргізіледі. Жол жұмыстарымен барлығына дерлік елді-мекендер қамтылады.

"Жаңа, таза жолдар біздің елді-мекеннің тұрғындары мен балаларына өте қолайлы. Тротуар да жасалмақ. Қысы жазы көшелеріміз таза болады", - деді  "Агрогородок" елді-мекенінің тұрғыны Ардақ Жанайдаров (Маралсай көшесі).

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында биыл 15 мың жұмыс орны, ал жол құрылысы бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Тұрғындар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109