2244

Елордада бірінші сынып оқушылары Egov.kz порталы арқылы қабылданады

Құжат қабылдау 1 маусымнан басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауысудың автоматтандырылған мемлекеттік қызметі әзірленді, деп хабарлады бүгін брифингте Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Ата-аналарға порталдың «Білім» бөліміне кіріп, «Орта білім», мектепке кіріп, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті. Құжат тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минут. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – электронды. Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланы қабылдау туралы хабарлама немесе себептері көрсетілген дәлелді бас тарту келеді. Ол үшін небәрі төрт-ақ құжат керек: баланың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 «Баланың денсаулық паспорты» нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ 3х4 көлеміндегі екі фотосурет. Мектептің қабылдау комиссиясының ешқандай қосымша құжаттарды сұратуға құқығы жоқ екеніне тағы да назар аударғым келеді», – деді Ш.Қадырова.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы электронды түрде (сканнұсқа, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар биыл арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандары 2020 жылдың 18 маусымынан бастап өткізілетін болады. Құжаттарды қабылдау 15 мамырдан 17 маусымға дейін электронды форматта жүзеге асырылады.

«Біз басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерде кез келген өзгерістер туралы қосымша хабарлайтын боламыз», – деді Ш. Қадырова.
Сонымен қатар ол техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау туралы айтты.

Биыл колледждерге құжат қабылдау автоматтандырылған және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz порталында талапкерлер, ата-аналар немесе заңды өкілдері білімі туралы құжаттың электронды көшірмесін және фотосуреттерін қоса бере отырып, электронды нысанда өтініш бере алады. Қажетті медициналық анықтамалар елді мекендерді қоспағанда, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынатын болады.

Сондай-ақ құжаттарды портал арқылы тапсыру кезінде талапкердің жатақханада орын алу және тегін тамақтану мүмкіндігі бар. Себебі талапкердің ЖСН бойынша әлеуметтік мәртебесі анықталады. Қабылдау комиссиялары құжаттарды қарау қорытындысы бойынша талапкерлерге құжаттарды қабылдау, конкурс және арнайы емтихан өткізу күні туралы хабарлама жібереді.

Осы жылы аттестаттаудың жаңа форматы бойынша мектепке дейінгі, қосымша білім беру педагогтары мен техникалық және кәсіптік ұйымдардың педагогтары алғаш рет тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өту үшін педагог электронды тіркеуден өтеді және өту күні мен уақытын дербес таңдайды. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалы жинақтау жүргізіледі. Сарапшылар тобы е-портфолио бағдарламасы бойынша қашықтан педагогтің аттестаттау кезеңіндегі жұмысының қорытындысына баға бере алады.

«Оқу жылының басында аттестаттау комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда педагог еңбекақыға 30-50% үстемақы алады», – деп атап өтті Ш. Қадырова.

Тестілеуге өтініш беру шамамен 23 мамырдан басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109