1478

«Бір жолаушының кесірінен басқалар денсаулығынан айырылмауы тиіс» - CTS басшысы

City Transportation Systems (CTS) басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Нұр-Сұлтан тұрғындарын баска тағу режимін сақтап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырды.

«Қоғамдық көлік жүре бастаған күннен жолаушылардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағаладық. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері таңғы алтыдан бастап автобустар толық тоқтағанша түсіндірме жүргізді. Бетперде тағу ережесін барлығы бірдей сақтаған жоқ.

Елордада бетперде тағу режимінің сақталатынын еске саламыз. Жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Бір адамның кесірі оның өз денсаулығына және жақындарына тиетінін көбі түсінеді деп ойлаймын. Сол себепті біздің тұрғындарға «қоғамдық көлікте бетперде тағыңыз және автобус ішінде оны шешпеңіз» дейміз», - деді ол.

Бетперде тағу режимі автобустардың шыққан күнінен бері сақталуда. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушыларда бетперденің бар-жоғын күнделікті тексеріп, түсіндірме жүргізуде.

Оған қоса жүргізушілерге автобус ішін 50% ғана толтыру тапсырылған. Жолаушылар тек алдыңғы есік арқылы кіреді.

Карантин шаралары енгеннен бастап жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көліктік карта, СМС/QR және мобильді қосымша арқылы жасалады. Бұл жерде айта кететін жайт, SMS/QR төлем саны ұлғайды. Бағыттардың линияға шыққан күнінде, 12 мамырда 36 335 болса, 21 мамырда – 73 925.

Жолаушылар саны күн санап өсуде. 21 мамырда – 309 176, 22 мамырда – 146 907 құрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109