1498

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға қалыпты өмірге оралуға көмек көрсетілуде

Нұр-Сұлтанда түзету мекемелерінде жазасын өтеп шыққандарға жұмыс пен тұратын жер табуға көмектесетін бірнеше ҮЕҰ жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Андрей К. түрмеден бес жыл бұрын шықты. Ол өзі сияқты адамдар қамаудан шаққан соң күйзеліске ұшырайтынын айтады. Себебі көбінің баратын жері жоқ.
«Өзім арбада отырамын, 29 мамырда екінші топтағы мүгедек болып шыққаныма бес жыл болады. Мен 2004 жылдан бері реставтратормын, балалар үйінде ағаштан күрке жасадым», - дейді Андрей К.

Андрей сияқты адамдар үшін елордада бірнеше үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Олар босап шыққандарға барлық жағынан: бастапқы кезде түнейтін жерден бастап, жаңа өмірге бейімделуге және жұмысқа орналасуға көмектеседі.

«Оларға құжатсыз жұмыс табу қиын. Құжаттар кейде бір айдан астам кешігіп келуі мүмкін, көбінің баспанасы жоқ. Сондықтан олар келгенде біз жатақхана ұсынып, жолақысына 10-15 мың теңге беріп, асханада тамақтандыруға тырысамыз», - деді Оңалту технологиялары және тұжырымдамалары қоғамдық қорының директоры Орынбасар Күлжабаева.

«Оңалту технологиялары және тұжырымдамалары қоғамдық қорында жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастырып, кеңес беріп, оқыту қызметін және психологиялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ кәсіпкерлікке де үйретеді», - деді Нұр-Сұлтан әкімдінінің ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімнің бас маманы Айдана Әскерова.

Елордада барлығы 600 белсенді ҮЕҰ бар. Оның 61-і тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған топпен және 5 ұйым халықты жұмысқа ораналастыру бойынша жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109