2072

Елорданың тәртіп сақшылары қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Полицейлер волонтерлермен бірлесіп, жұмысын қайта бастаған сауда орталықтарында келушілерге маска таратуда.

Бүгін тәптіп сақшылары «Тұлпар», «Астаналық» сауда үйлері мен супермаркеттердің аумағында болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық орындарда маскасыз жүрген азаматтармен профилактикалық әңгімеден соң, полицейлер оларға маска берді. Келушілер жеке қорғаныш заттарын берген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Карантин режимі әлі сақталуда. Азаматтарға жеке қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріп, ұқыпты болып дүкендерде арақашықтық сақтауға шақырудамыз. Бүгін ескерту жұмысын жүргіздік.  Алайда сауда үйлері карантин талаптарын сақтамаса, оларды ҚР ӘҚБК 462- бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, тіпті карантин режимін бұзған нысанды жабу туралы өтініш жолдаймыз», - деді Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Госман Жакин.

Полицейлер тұрғындарды үйден тек аса қажеттілік болған жағдайға ғана шығуға шақырады. Бұл профилактикалық шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалады.

«Біз тағы да елорда тұрғындары мен қонақтарына  арақашықтықты сақтап, қолғап, санитайзерлерді пайдалану қажеттігін еске саламыз», - деді Жакин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109