2026

Елорданың бас имамы Ораза айтты үйде қарсы алуға шақырды

Ертең мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карантин жағдайында барынша сақтық шараларын сақтап, үйде қарсы алуға шақырды.
«Қадірменді елордалықтар, Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етсін. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, биылғы Айт мейрамы мамырдың 24-не сәйкес келіп тұр. Бірақ өкінішке қарай, ел карантин жағдайында болғандықтан кеңінен атап өте алмаймыз. Әрбір мұсылман індеттің өршіп кету қаупі болғандықтан сақтық шараларына жіті мән беру қажет. Барынша отбасымызбен, үйде бірге өткізгеніміз дұрыс болады. Айтта туған-туыстарымызды, жақындарымызды құттықтау, мұсылманның міндеті. ҚМБД мәлімдемесіне түсіністік танытып, үйде болуларыңызды сұраймыз. Айт намазын оқи алмаған адам, оның орнына «Уад-духаа» намазын оқиды. Алла Рамазан айында жасалған ізгі амалдарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл еткей. Еліміздің тұғырын биік қылғай», – деді елорданың бас имамы өз құттықтауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109