2833

Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупі бар орындар залалсыздандырылуда

Нұр-Сұлтанда Covid-19 індетін жұқтыру ықтималдылығы жоғары аумақтар мұқият залалсыздандырылуда.

Елордада саябақтар, гүлзарлар, қоғамдық кеңістіктер, әлеуметтік нысандар аумағы, базарлар, сауда орталықтары, аялдамалар, автобустар және т.б. дезинфекциялануда. 2020 жылдың 11 мамырдан бастап адамдарға саябақтар, алаңдар мен гүлзарларға баруға рұқсат берілді. Тек санитарлық нормаларды қатаң ұстану: маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау – басты талап.

«ТЖ режимі аяқталды, бірақ карантин әлі жалғасып жатыр. Елорда тұрғындарына қоғамдық орындарға баруға, саябақтар мен гүлзарларда серуендеуге рұқсат берілді. Алайда вирус жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Біз дезинфекцияны тұрақты жүргіземіз. Біраз уақыт үйден шықпаған жұрт таза ауада серуендегісі келеді. Сол себепті көшедегі орындықтар, жолдар, сатылар мен жақтауларды залалсыздандырамыз. Адамдар ұстайтын заттың бәрін мұқитят тазартылады. Елорда тұрғындарын маска тағып, арақашықтыққа мән беріп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамын. Бұл өте маңызды», - деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев.

Елордада  20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Залалсыздандыру жаяу және арнайы көліктердің көмегімен жасалады. Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, аулалар, балалар алаңдары, блок бекеттер, қоғамдық көліктер, аялдамалар мен адам көп жиналатын басқа жерлерді залалсыздандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды  сақтауға: маска киіп, арақашықтықты сақтап, антисептик пайдалануға мән бергені жөн. Егер санитарлық талаптар сақталмаса қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109