3569

Соңғы қоңырау, аттестат табыстау және балабақшалардың жұмысына қатысты ақпарат

"25 мамырда 1-10 сынаптарда онлайн-соңғы қоңырау шарасы, 3 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі бұдан бұрын да хабарлағанымыздай мектеп ауласында өткізіледі. Ал балабақшалар қазіргідей "кезекші топ" режимінде жұмысын жалғастырады."-деп хабарлайды Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

25 мамыр сағ. 11.00 – телеарналар арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов түлектерді құттықтайды.
Сонымен қатар, сол күні барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-Соңғы қоңырау өткізіледі.
Аталмыш шара еркін кесте бойынша өтеді.

Ағымдағы жылы мектеп бітіру іс-шарасы ҚР БҒМ нұсқаулығы бойынша "Birgemiz: ТҮЛЕК-2020" ұранымен өтеді.
3 маусым күні барлық мектептерде 11 сынып түлектері үшін аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімі өткізіледі.
Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін «Түлектер аллеясында» ағаш отырғызу жоспарлануда. Бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелді.

18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады.

Анықтама:Елордада жалпы контингенті 55 708 баланы құрайтын, түрлі типтегі 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде: мемлекеттік – 94, жекеменшік – 237, олардың 214-де мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, 43 шағын орталық, 3 ведомстволық мекеме бар. Орта білім беру ұйымдарының мектепалды топтарында 3 485 бала оқиды.

Ағымдағы жылдың 18-22 мамыр аралығында балалардың қатысуының талдау пайызы:
18.05.2020ж. – 2,6%
19.05.2020ж. – 4,3%
20.05.2020ж. – 6%
21.05.2020ж. – 7%
22.05.2020ж. - 7,4%
1 маусымнан бастап балабақшалардың жұмысы «кезекші топ» режимінде жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109