4540

Биыл Нұр-Сұлтанда екі жаңа көпір ашылады

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы көліктер қатынай алатын екі көпірдің құрылысы аяқталады. Бұл қаланың көлік желісін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы барысымен танысты. Көпір құрылысы биыл аяқталады. Оң және сол жағалауды қосатын көпір (Есіл өзені арқылы) Мәңгілік Ел даңғылы, Ж. Нәжімеденов, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев көшелеріндегі, Нова сити кешеніндегі, "Мыңжылдық" аллеясындағы шамадан тыс жүктемені азайтуға, жаңа "Нұрлы жол" вокзалының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Көпірлердің санын арттыруды ел басшылығы тапсырды.

Биыл Нұра – Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысы аяқталады. Сонымен бірге Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында жаңа ванттық көпірді салуды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, елордада жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109