1867

Белгілі психолог Құралай Ошақбаева мен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы онлайн дәріс өткізуде

Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани Жағыру» жобалық кеңсесі төтенше жағдай кезінде өткізілетін семинарлардың тізімін шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты.

23 мамырда «Рухани Жағыру» жобалық кеңсесінде елорда тұрғындары үшін кезекті онлайн-семинар өтті. Арнайы спикер ретінде коуч-психолог, көп балалы ана Құралай Ошақбаева шақырылды. Семинарға қатысушылар үшін «Сананы трансформациялау» тақырыбында дәріс оқылды.

26 мамыр сағат 12: 00-де «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы «Шаңырағың биік болсын!» тақырыбында онлайн дәріс өткізеді.

Сондай-ақ, осы күні сағат 15: 00-де Сахиевтер отбасымен тікелей эфирде сұхбат өтеді. Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған дәрістер мен сұхбаттар инстаграм әлеуметтік желісінде (@ruhani_elorda парақшасында) өткізіледі.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында, 30 мамырда сағат 15: 00-де филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабек «Интеллигенция және репрессия трагедиясы» тақырыбында онлайн дәріс оқиды.

Онлайн дәрістерде «Рухани Жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру және бағдарламаның бағыты туралы кең көлемді ақпараттық-насихат жүргізу мәселелері талқыланады.

Жобалық кеңсе карантин жарияланған сәттен психологтардың, қоғам қайраткерлерінің және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен мектеп қызметкерлері мен қала тұрғындары үшін тегін онлайн-тренингтер ұйымдастырып келеді.

Семинарлар апта сайын Instagram және Skype әлеуметтік желілерінде (қазақ және орыс тілдерінде) өткізіледі. Дәрістерде көбіне бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар және ұлттық тәрбие секілді тақырыптар кеңінен қозғалады.

Жобалық кеңсе карантин режимі басталғаннан бері ұйымдастырған дәрістерге 200-ден астам елордалық психолог қатысып, өз саласы бойынша бағдарламаны насихаттауға атсалысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109