804

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында елорданың 2 мыңнан астам тұрғыны жұмысқа орналасты

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы халықты жұмыспен қамтуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қасбет жұмыстарының шебері Рахат Ахметов уақытша жұмысынан айрылған. Жұмыспен қамту бағдарламасы туралы естіген ол, Халықты жұмыспен қамту орталағына жүгінді. Онда шеберге бірнеше ұсыныс берілді.

«Қазір мен қасбет жұмыстарының шеберімін, жұмыс қиын емес. Өте үлкен жауапкершілік. Мен фиброцементтік панель орнататын конструкцияны жинаймын. Бұл желдетілетін қасбеті болт арқылы берік бекітіледі. Бұл конструкция оңай жиналады, ұзақ уақытқа және берік орнатылады. Мұның бәрі адамдардың игілігі үшін жасалуда. Адам жұмысын жақсы көре білуі керек», – дейді Рахат Ахметов.

Құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Булановтың айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бойынша жұмысқа орналасуға келісім-шарт 15 мамырда жасалған. Содан бері олардың фирмасынан 110-ға жуық адам жұмыс тапты.

«Олар тас қалаушылар мен жұмысшылар. Біздің компания жаңа қызметкерлер қабылдауға дайын. Біз осы бағдарлама аясында жұмыс істеуге дайынбыз», – деп атап өтті Д.Буланов.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында елордада 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Бүгінде елордада «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2325 адам жұмысқа орналастырылды, 78 ұйыммен ниет хаттамасы жасалды.

72 жоба бойынша жұмыстар басталды. Елорда тұрғындары түрлі бағыттар бойынша басталған 72 инфраструктуралық жобаға жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 117 инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109