583

Елорданың жасыл белдеуіндегі өртті дер кезінде анықтау үшін мобильді топ тәулік бойы кезекшілік етеді

Қаладағы жасыл белдеудің жалпы ауданы – 14,8 мың гектар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қала ішінде орналасқан жасыл белдеу мемлекеттік орман қорына жатпайды.

Өрт қаупі кезеңі басталғалы мобильді топ қызмет етуде. Тәулік бойы байланыс және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген 40 орманшы 10 күзет мұнарасы (ұзындығы 12-18 метр) қойылған 6 бағыт бойынша кезекшілік атқарады.

Қала аудандары бойынша коммуналдық ұйымдардың ұйымдастыруымен жылжымалы бақылау бекеттер орнатылды («Жасыл-Аймақ» РММ, «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана-Тазалық» ЖШС).

Сондай-ақ қаланың периметрі бойынша ашық аудандарда өрттің уақтылы анықталуы үшін, 4 биік ғимаратта 32 бейнебақылау камерасы орнатылды. Камералар жедел басқару орталығын нысанға алды.

«2020 жылдың 26 мамырына дейін төтенше жағдай департаменті Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 49 рет құрғақ шөптер мен қамыстарды сөндіру шарасын жүргізді. 2020 жылы өртенген аумақ көлемі – 10 631 ш.м. (2019 жылы – 20 325 ш.м.) болды. Биыл жұмысқа 379 адам және 72 техника жұмылдырылды. Жасыл белдеудің орман алқаптарында өрт шығу фактісі тіркелмеді», – деді Төтенше жағдай департаменті өкілдері.

Елордадағы жасыл белдеудің жалпы ауданы – 14,8 мың гектар. Оның ішінде 11,5 мың гектары – орман алқаптары, жапырақты ағаштардың үлесі – 98,2%, қылқан жапырақтылар – 1,8%-ды құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109