537

Баланың терезеден құлауына жол бермеу үшін не істеу керек?

2018-2020 жылдар аралығында қалада 51 баланың терезеден құлау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда «Өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлау оқиғалары» тақырыбында брифинг өтті. ТЖД өкілдері балаларды қайғылы оқиғадан сақтаудың негізгі ережелерін еске салды. Құтқарушылар бірінші кезекте балаларды ешқашан жалғыз қалдырмауға кеңес береді.

«Терезеге жақын тұрған жиһаздың барлығын жылжыту керек, сонда жақтауға шыға алмайды. Москит торына ешқашан сенуге болмайды», – деді мамандар.

Оған қоса, терезеге қорғаныш құралдарын орнату керек, сонда балалар терезені бірнеше сантиметрден артық аша алмайды.

«Терезеге тор орнатып, қорғаңыз. Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, мықтап ұстаңыз. Бүлдіршіннің шапшаң қимылдарына дайын болып, құрғақ қолмен баланы киімінен емес, өзін мықтап ұстау қажет. Егер сақтандыру құралдарын орнатуға мүмкіндік болмаса, есіктің тұтқасын бұрап алып тастау керек. Қажет кезінде ашып, пайдаланған соң жауып отыруды ұмыптаған жөн», – деді ТЖД.

Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін елордада 51 бала терезеден құлады. Оның 13-і көз жұмып, 38-і түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Анықтама үшін:
2018 жылы – 21 бала зардап шекті, 8-і көз жұмып, 13-і ауруханаға жатқызылды.
2019 жылы – 21 бала зардап шекті, 3-і көз жұмып, 18-і ауруханаға жатқызылды.
2020 жылы – 9 бала зардап шекті, 2-і көз жұмып, 7-і ауруханаға жатқызылды.

Терезеден құлаған екі және одан үлкен жастағы балалар. Олардың терезеден құлауының басты себебі – үлкендердің қараусыз қалдыруы.

Тек жыл басынан бері Алматы ауданында 4,5 қабаттан құлап екі және төрт жастағы екі бала көз жұмды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109