1321

Әкімдік Нұр-Сұлтан көшелерін жөндеу мерзімін жариялады

Бүгінгі таңда қаланың барлық төрт ауданында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта елордада жол-құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалдағы көшелер мен жолдарды жөндеуді С. Торайғыров көшесі бойынша Ә.Жангелдин көшесінен С. Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде, Қ. Сәтпаев көшесінде Б. Момышұлы даңғылынан Қ. Мұңайтпасов көшесіне дейінгі учаскеде, Нұрлыжол көшесінде Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі учаскеде, Ы.Дүкенұлы көшесі бойынша Республика даңғылынан Ш. Айманов көшесіне дейінгі учаскеде жүргізуде. Аталған көшелерді жөндеуді 30 мамырға дейін, С. Торайғыров көшесі бойынша жүргізіліп жатқан жөндеу 27 мамырға дейін аяқтау жоспарланған.

Бүгінде Достық көшесі бойынша, Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ 15 маусымға дейін Бөгенбай батыр даңғылы бойынша, Жеңіс даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін және Конституция көшесінен І. Есенберлин көшесіне дейін жөндеу жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Агроқалашық, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Промышленный және Пригородный елді-мекендерінің көшелері жөнделуде. 8 мамырдан бастап Қырыққыз көшесінде жол төсемін орнату басталды, оларды аяқтау 10 маусымға белгіленді. 12 мамырдан 15 маусымға дейін – Желдірме бұрылысында жөндеу жоспарлануда. 10 маусымға дейін Агроқалашықтағы Маралсай, Қоғалы, Қамажай көшелерінде, Өндірістегі Ақбидай, Кеңшалғын көшелерін жөндеу аяқталады. Сонымен қатар қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс елді-мекенінде Қарасаз, Марқакөл, Келес, Арғанаты, Орхон, Нұрлы және Ақберген қиылыстарын асфальттау жүргізілуде. Пригородный елді-мекенінде Белсары, Промышленный елді-мекенінде Балуан Шолақ және М. Төлебаев көшелерінде жол жүру 10 маусымға дейін қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.\

Жөндеу жүргізу кезінде қала көшелері толық жабылады. Дайындық жұмыстары және асфальтбетон төсеу кезінде көшелер бөлігі толығымен жабылады. Шұңқырларға жөндеу жүргізу кезінде басқарма жол бөлігін жабу бойынша шаралар қабылдайды.

Қаланың көше-жол желісіндегі жөнделетін учаскелердің аты, мерзімі, уақыты туралы ақпарат қала тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында, басқарманың ресми сайтында, ақпараттық агенттіктердің сайттарында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109