1418

Елорданың автопарк басшылары автобус ішінде бетпердені не үшін кию керек екенін түсіндірді

Бүгін, 26 мамырда «City Transportation Systems» Басқарма Төрағасы Бекмырза Игенбердинов және автобус парк басшылары бетперде тағу рижімін жолаушылар қалай сақтайтынын тексеруге шықты. 10 мамырдағы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге болмайды. Тексерушілер таңғы сағат 7:30-дан бастап «№65 мектеп-гимназиясы» аялдамасынан «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін жүріп өтті.

Бекмырза Игенбердинов – City Transportation Systems Басқарма Төрағасы:
- Қоғамдық көлік жүре бастаған күннен біздің қызметкерлеріміз тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жүргізіп те келеді. Автобус парк басшыларымен бірге қоғамдық көлік ішінде бетперде тағу керектігін біз де түсіндіреміз. Бетпердесі жоқ жолаушыларға қоғамдық көлікке кіру үшін бетперде тараттық.
Дерттің таралу қауіпі сақталады, сол себепті бетперде тағу қажет. Бұл Сіздің өзіңізге және жақындарыңызға қорғануға мүмкіндік береді.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылар көп жиналатын аялдамаларда күнделікті бақылау жүргізеді. Қоғамдық көліктегі карантиндік шаралардың сақтау ережелері туралы жолаушыларға түсіндіреді, бетперде тағудан бас тартқан адам болса, автобустан түсу сұралады. Бір қызметкер 80-120 автобусты тексереді.

Сонымен қатар көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көліктегі төлем жасуды тексеру жүмыстарын күшейтеді. Жол жүру үшін төлемді қолма қол қаржысыз жүргізу сақталады. Ол үшін көліктік карты және төлем жасаудың балама түрлері бар. Ол SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар.

Нұрлан Абеев - №4 автобус паркінің директоры:

- Автобус ішінде бетпердесіз отырған 2-3 жолаушы болды. Алайда біз ескерту жасаған кезде, қалталары мен сөмкелерінен бетперде алып шығып тақты. Бетпердені иегіне тағып алғандар да кездесті. Оларға бетпердені дұрыс тағу туралы түсіндірдік.
Нұр-Сұлтан қ. тұрғындары бетперденің қажеттілігін, жалпы эпидемиялогиялық жағдайды жақсы түсінеді деуге болады.
Автобус ішінде бетперде тағып отырған адамды көріп, қуанасың, яғни олар өзінің және айналасындағылардың денсаулығына жауаптылықпен қарайды. Өйткені бұл жалпы алғанда барлығымыздың денсаулығымыз.

Карантин енгізгенге дейін жолаушылар ағыны күніне 700 мыңнан астам болса, ал бұл күндері 300 мыңнан асады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109