1921

Елордадағы блок бекеттер қашан ашылады – әкімнің жауабы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте «Елордадағы блок бекеттер қашан ашылады?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білесіздер, біз 3 бағыт бойынша бақылау жүргіздік. Біріншісі – халықаралық әуе рейстеріне шектеу қою. Вирустың ең бірінші сырттан, яғни шетелдерден келгені белгілі. Екіншісі – ел ішіндегі әуе, теміржол рейстері мен қалааралық бағыттарға шектеу қою. Осының арқасында инфекцияның кеңінен таралып кетуіне жол бермедік. Үшінші бағыт – қалаішілік кварталдар қозғалысын бақылау, яғни полиция қызметкерлері елордалықтарды оқшаулау мақсатында әр аумақтағы көлік қозғалысына шектеу қойып, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде қаладағы көлік кептелісі едәуір азайды. Тұрғындар қашықтық пен оқшаулануды ұстанды. Маусым айынан бастап кейбір бағыттағы теміржол рейстерінің іске қосылатынынан хабардарсыздар. Алайда вирус қаупі әлі де сейілмегендіктен, блок бекеттер әзірге ашылмайды. Ол туралы осы айдың соңында қосымша хабарлайтын боламыз», – деді Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109