Коронавирус жасқа қарамайды – әкім
Бүгінгі таңда елордада коронавирус жұқтырғандар саны 1 686 адамды құрайды. Олардың жартысынан астамы емделіп шықты. Қала әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің мәліметінше, елордада коронавирус ауруымен ауырғандардың 40%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды.
«Бүгінде жұқтырғандар саны 1 686 адам. Оның 51%-ы емделіп шығып, қалғандары карантинде тұр. Жас құрамы келесі: 40% – 30 жасқа дейінгі жастар, 35% – 30-дан 50 жасқа дейінгілер. Сондықтан, аға буын, зейнет жасындағы адамдар немесе түрлі диагноздары бар адамдар ғана жұқтырғаны туралы болжам дұрыс емес. Тәжірибе көрсеткендей, коронавирус жасқа қарамайды. Сондықтан біз санитарлық нормаларды сақтауымыз керек», – деді әкім.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz