2088

Нұр-Сұлтанда карантин мен жағажай маусымына дайындық мәселесі талқыланды

Елорда әкімдігінде ТЖ алдын алу және салдарын жою бойынша комиссия отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен жиында карантин шараларын сақтау және шомылу маусымына дайындық мәселесі талқыланды.

Жиынға қатысушылар атап өткендей, қалада коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін санитарлық-профилактикалық жұмыстар істелуде. Қазір студенттер мен оқушылардың қаладан шығу және кіру алгоритмі, әлеуметтік осал топтың, әсіресе аз қамтылған халықтың КВИ-на талдауды тегін жасау мәселесі қаралып жатыр.

Тағы бір маңызды мәселе – алдағы шомылу маусымына дайындық. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының м.а. Есен Байыровтың айтуынша, осы күні елордада 90 тыйым салу белгісі, 20 ақпараттық стенд, 20 қалқымалы белгі орнатылды. Жалпы, суға түсу маусымы кезінде күн сайын жеке құрамның 20 қызметкері, 14 қайық патрульдеуге шығады. Сондай-ақ қоғамдық құтқарушылар мен қала әкімдігінің азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының 15 маманы жұмылдыралады.

Есен Байыров өрт қауіпсіздігі мен балалардың терезеден құрау оқиғаларын да тілге тиек етті. Соңғысы қаладағы өзекті мәселе болып тұр. Себебі 2018 жылдан бастап бүгінге дейін 51 бүлдіршін терезеден құлап кеткен.

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиынды қорытындылай келе, қалалық жағажайлардың абаттандырылуы мен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін айтты.

«Құрметті әріптестер, күн жылынып, суға түсу маусымының ерте бастауына орай, қала аумағындағы тегін жағажайлар ашыла бастайды. Оларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес абаттандыру керек. Жағажайларда басқа да қажетті құралдардан бөлек судың температурасы, тереңдігі мен басқа да маңызды мәліметтерді қамтитын ақпараттық стенд орнатылуы тиіс. Тұрғындар жағажайда карантин мен санитарлық нормаларды сақтауы керек», – деді әкімнің орынбасары.

Бақтияр Мәкен балалардың судағы қауіпсіздігі үшін алдымен ата-аналары жауапты екенін еске салды. Сондықтан қандай жағдай болса да, балалардың суға үлкендердің қарауысыз түсуіне жол берілмеуі керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109