1528

«Біз зергер сияқтымыз» – Астана-Зеленстрой қызметкерлері гүл отырғызу жұмыстары туралы айтып берді

   

Нұр-Сұлтан қаласында гүлдер мен талдар отырғызу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 2020 жылы қалада 6 млн-ға дейін гүл отырғызылады. Қаладағы барлық ауданда жұмыс жүргізілетін болады.

«Біздің кәсіпорын қызметкерлері өз ісіне деген зор ықыласпен күні-түні жұмыс істейді. Оларға алғысым шексіз. Бұл жұмыс әркімнің қолынан келмейді, өйткені гүл отырғызу – зергерлік жұмыс секілді. Қаланы көгалдандыру мен гүл отырғызу үшін жан-тәнімізбен жұмыс істейміз. Біздің қызметкерлеріміз қала тұрғындарын қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлау үшін еңбек етуде», - деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС Бас директорының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Жұмысқа күн сайын 130 гүл өсіргіш жұмылдырылады. Қызметкерлер қатаң санитарлық нормаларға сай жұмыс істейді.

«Менің басты міндетім - суару және гүлдерді күту. Жұмыс қиын, үлкен шыдамдылықты қажет етеді», - деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС қызметкері Айгүл Жайлаубаева.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасары Алтынбек Қайсағалиев биыл көп жылдық гүлдерге басымдық берілгенін атап өтті. «Үйеңкі, жөке, емен, сирень, талдардың өсуіне басымдық береміз, мамық шашатын терек түрін отырғызбаймыз», – дейді ол.
Елорданы көгалдандыру және абаттандыру мақсатанда биыл 30 мың ағаш отырғызылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109