1707

Полициямен рейд: Елордада карантин ережелерінің сақталуын қалай бақылауда?

Құқық қорғау органдарының өкілдері, еріктілер қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды маска киюге және басқа да қорғаныс құралдарын пайдалануға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәртіп сақшылары мен еріктілер коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық нормаларды мүлтіксіз сақтау қажетін халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Еріктілер санитарлық нормаларды сақтамау елордада карантин режимін алып тастау уақытын кейінге қалдыруы мүмкін екенін түсіндірумен ғана шектелмей, тұрғындарға маска таратуда.

Күн сайын полиция департаментінің қызметкерлері мен еріктілерден тұратын мобильді топтар аулаларды, қоғамдық орындарды, саябақтарды жаяу патрульдейді.

«Біздің елімізде бейбітшілік болсын, баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Коронавирус инфекциясын бірлесіп жеңеміз», – дейді маска алған қала тұрғыны.

Қала тұрғындары өзі мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс. Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вирустың таралуына қарсы күрестің ең дұрыс әдісі. Күнделікті өмір ырғағына оралу елорданың әрбір тұрғынына тікелей байланысты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары маска кию режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109