759

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі балаларды иппотерапия арқылы емдейді

Қалада Жаңа ат спорты кешені салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020 жылы Нұр-Сұлтанда қандай спорт нысандары жөндеуден өтетіні белгілі болды.

Атап айтқанда, төрт спорт нысанында жөндеу, сондай-ақ екі жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде.

Жол картасы аясында «Толқын» спорт кешені мен Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионға күрделі жөндеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Жеңіл атлетикалық спорт кешенінің құрылысы аяқталуда.

«Спорт кешені IAAF (жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы) талаптарына толық сай келеді. Нысан Әлем чемпионаттары мен жазғы Олимпиада ойындарын қоса алғанда, жабық үй-жайларда жеңіл атлетикалық пәндер бойынша халықаралық және республикалық жарыстар өткізуге көзделген», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Қазанат» ипподромының аумағында иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту үшін ат спорты кешенін салу және пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның өткізу қабілеті 250 адамды құрайды және 600 орындық трибунасы бар.

«Бұл жоба жеке қаржылық бастама бойынша МЖӘ аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс 2020 жылдың 3 ақпанында басталды», – деп түсіндірді әкімдікте.

Иппотерапия –әлемдік оңалту практикасында кеңінен қолданылатын БЦП-ті тиімді оңалту құралы. Жылқылармен айналысу балалардың дене, психологиялық және эмоциялық жағдайына оң әсер ететіні ғылыми дәлелденген.

Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласында 30-дан астам ірі спорттық нысан жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109