1789

Елордада мобильді топ қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға көмектесуде

Қала билігі кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мақсатында жыл сайын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен флеш-мобтар ұйымдастырылады, деп хабарлады бүгін өткен брифингте Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова.

Бұған қоса, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы анықтау үшін тиісті жұмыс жүргізіледі. Осы мақсатта әр мектепте әлеуметтік төлқұжат жасалады, онда әлеуметтік педагог балаларды жұмысқа тарту қаупі бар жаңұяларды анықтайды.

«Биыл алғаш рет қиын жағдайдағы балаларға дер кезінде көмек көрсету үшін мобильді көмек тобының 24/7 режиміндегі жұмысы ұйымдастырылды. Мобильді топ ата-аналары мен балаларының өтініші бойынша жедел әрекет етеді. Ата-аналар мен балалар тәулік бойы жұмыс істейтін «1409» сенім телефоны арқылы көмек ала алады», – деді Римма Имангазинова.

Қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 11 қосымша білім беру мекемелері бар, 136 филиал, 7 коммьюнити орталық жұмыс істейді.

Тағы бір жаңалық – биыл «Шығыс» балалар жасөспірімдер орталығының құрылымдық бөлімшелерінің ашылды. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары қаланың әр ауданда ашылатын болады. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау бойынша комиссия да ауқымды жұмыс істеді. 2019 жылы комиссияның 18 отырысы өтіп, 156 материал қаралды.

Материалдарды қарау кезінде комиссия мүшелері кәмелетке толмаған балаға ғана емес, сонымен бірге бүкіл отбасына көмек көрсетеді. Соның ішінде кәмелетке толмаған балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру көзделген. 2019 жылы «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 350 кәмелетке толмаған бала қамтылды. Биыл аталмыш бағдарламамен 500 баланы қамту жоспарланып отыр. 

Әлеуметтік себептермен балалардың оқуға бармауын болдырмау үшін жалпы орта білім беру аясында әлеуметтік әлсіз санаттағы балаларға көмек көрсетіледі. 2019-2020 оқу жылында бағдарлама бойынша 12 690 бала көмек алды (әр балаға 30 мың теңге көлемінде сертификаттар берілді). Сонымен қатар жыл бойы балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсеттіледі. Мәселен, 2019 жылы акцияның көмегімен 11 мыңнан астам бала қамтылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109