1955

Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне смартфон мен самокаттар сыйға берілді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорда әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Dobro Nur-Sultan» еріктілердің бастамашыл клубымен бірлесіп, қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады. Мереке қарсаңында тәрбиленушілерге 16 самокат пен 76 смартфон сыйға тартты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, біз Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлермен және «Dobro Nur-Sultan» еріктілер қозғалысымен бірлесіп, балаларды мерекесімен құттықтаймыз деп шештік. Біздің жобамыздың негізгі мақсаты – тұрмыстық жемқорлықты төмендету, ол үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Кішкентай бүлдіршіндерге 16 самокат пен одан үлкен балаларға 76 смартфон сыйлаймыз деп шештік. Қазір орталықта тұрақты түрде тұратын 50 бала және уақытша жүрген 42 бала бар. Біз оларды жасына қарай бөліп, жазда олардың немен айналысатынын анықтадық. Сол себепті осы сыйлықты әзірледік», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Сәуле Бисембаева.

Қазір елордалық қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығында 90-нан астам бала тәрбиеленуде.

Қалалық білім басқармасының қорғау және қамқорлық бөлімінің жетекшісі Гүлім Жүсіпованың айтуынша, карантинге қарамастан тәрбиеленушілер мерекесіз қалмайды. Көптеген ұйымдар мен жекелеген адамдар орталық тәрбиеленушілерін құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлауға ниет білдіріп отыр. Оған әлеуметтік желілердің де септігі тиюде.

Қайырымдылық шарасына «MEGA Silk Way», «Керуен», «Сарыарқа» сауда орталықтары, «Биг Шанхай», «Шарын» базарлары, «Continental logistics» ЖШС, «Нұржамал» ЖК, «Хлебный край» ЖК, «Гүлжан» СҮ және «Үміт» томотерапия және ядролық медицина орталық кешені қолдау көрсетті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109