1015

Елорда кәсіпорындарында санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау рейдтері тұрақты жүргізілуде

Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіп иелеріне 500 АЕК-ге дейін айыппұл салынады.

Полицейлер, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері дүкендер мен сауда орталықтарына тұрақты түрде тексеріс жүргізеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов мәлімдеді. Оның айтуынша, басты ескертулер қызметкерлер мен клиенттердің маска кимей жүруіне және санитайзерлердің жеткіліксіз болуына байланысты жасалады.

"Қателіктер мен санитарлық шара талаптарын орындай отырып, кәсіпкер өз жұмысын жалғастыра алады.
Алғашында нұсқау беріліп, ескерту жазбаша түрде жасалады. Тексеріс барысында СЭС және полиция департаментінің қызметкерлерінің жұмыстары айқын көрінеді.
Егер ескертулер жойылмаса, кәсіп иелері айыппұл төлеуге міндетті.
Шағын бизнес-100 АЕК, орта бизнес - 200 АЕК, ірі бизнес-300 АЕК-тен 500 АЕК-ге дейінгі соммада айыппұл төленеді", - деді Р.Ыдырысов.

Естеріңізге сала кетейік, 21-26 мамыр аралығында 150-ден астам кәсіпорынға мониторинг жасалды. Санитарлық нормалардың сақталмауына байланысты 12 нысан: кафелер, мейрамханалар, барлар, азық-түлік дүкендері, спа-салондар және т.б. жабылды. Ал “Бруно”, “Roofork” секілді мейрамханаларға ережелер орындалмағаны үшін айыппұл салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109