911

Елордалық медиаторлар отбасын татуластыруға көмектеседі

Өткен жылы медиация орталығына барған соң 10 жұп ажырасудан бас тартқан, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Отбасындағы кикілжіңді сотсыз қалай шешуге болады? Елордада Senim татуласу орталығы (медиация орталығы) өз жұмысын жүргізуде. Мұнда қиын өмірлік жағдайда жүрген адамдар жүгіне алады.

«Отбасылық қарым-қатынастағы проблемаларға тап болған және психологиялық немесе заң көмегіне мұқтаж адамдар бізге келіп, кеңес ала алады. Біз мәселені сотқа дейінгі әдістермен шешеміз», – дейді «Медиация орталығы» жобасының кураторы Әсем Әлтаева.

Орталық 2019 жылы құрылған. Жоба аясында қоғамдық қабылдау жұмыс істейді, мұнда білікті психологтар мен заңгерлер тегін қызмет көрсетеді, сенім телефоны бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету және оның одан әрі көріністерінің алдын алу бойынша өзара іс-қимыл тетігін талқылау үшін барлық мүдделі құрылымдарды – мемлекеттік ұйымдарды, құқық қорғау органдарын, ҮЕҰ, БАҚ-ты шақыра отырып, түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Сонымен қатар отбасы мен азаматтар арасындағы жанжалдарды тиімді шешуге арналған оқыту қызметтері тегін көрсетіледі. Senim орталығы құқық қорғау органдарымен, соттармен және АХАЖ-мен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды.

Карантин кезінде Senim заңгерлік көмек онлайн-қызметіне және call-орталыққа 380 адам жүгінген, оның 270-і құқықтық, 110-ы жалпы мәселелер бойынша.

Орталықтың жұмысы жаңартылғаннан кейін 230-ға жуық өтініш келіп түсті.

«Өтініштер әртүрлі, еңбек дауларынан бастап, отбасылық жұптар арасындағы даулы жағдайларға дейін», – деп түсіндірді Ә.Әлтаева.

«Кейде адамдар бір-бірін көргісі келмейді. Ал білікті медиатордың арқасында тараптар татуласып, мүліктерді сотсыз бөлуге көмектеседі», – дейді орталықтың келушісі Ольга Пескова.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жобамен 3 мың адам қамтылды, 10 отбасы татуласты. Татуласу орталығының кеңес беру қызметін жүзден астам адам алды.

2020 жылы Senim татуластыру орталығы өз қызметін Бейбітшілік көшесі, 14 мекен-жайындағы «Жанұя» отбасы институтын дамыту орталығында жалғастыруда. Байланыс: +7 7172 64 34 78, +7702 172 61 39, +7 771 996 09 27. Instagram: @center_senim.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109