1829

Елорда әкімі оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаражаттың қай салаларға бағытталғандығын айтты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жергілікті бюджетін оңтайландыру нәтижесінде 32 млрд теңге қаржы үнемделеді. Қазіргі таңда 28 млрд теңге оңтайландырылды, сондай-ақ шығындарды тағы 7 млрд теңгеге қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәслихаттың кезекті сессиясында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік және квазигосектордың өнімсіз шығыстарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Оңтайландыру есебінен үнемделген қаражат әлеуметтік салаға бағытталды.

Мысалы, экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымды қолдауға 16 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл апатты үйлерді сүру, жолдар, аулалар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, қоғамдық көлікті субсидиялауға жұмсалады.

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек жүйесін дамытуға 7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат балабақшалардағы қосымша орындарға, медициналық жабдықтар сатып алуға, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнесті қолдауға 5 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға жұмсалады. Бюджетті оңтайландырудың жалпы сомасы 35 млрд теңгені құрайды", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Әкімдікке қарасты ұйымдардың басшылық құрамы қысқартылды. Бірқатар кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылып, сенімді басқаруға берілді. Мәдени-бұқаралық іс-шаралардың саны қысқартылды және т.б.

"Астанаэнергосервис" АҚ қайта ұйымдастыру 1 млрд.теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.
Қаражат қысқы коммуналдық техниканы сатып алуға бағытталды.

Бұдан басқа, шығыны көп нысандарды сенімді басқаруға беру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жыл сайын бюджет шығындарын 1,5 млрд теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109