1489

iKOMEK109 екінші жыл қатарынан «Хрусталь гарнитура» халықаралық байқауында марапат алды

iKOMEK қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Call Center Awards 2019-2020 халықаралық байқауында «Клиенттерді сараптау, зерделеу және түсінудің үздік практикасы» аталымында қазылардың жоғары бағасын алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық орталық Сбербанк, Банк ВТБ, Вымпел-Коммуникациялар және т.б. сияқты байланыс орталықтары индустриясының алыптарымен бәсекеге түсті. Ikomek ТМД елдерінің бизнес ұйымдары байланыс орталықтарының беделді байқауында екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасын танытып келе жатқанын атап өту қажет,деп хабарлады жедел әрекет ету орталығының PR-қызметі.

«Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар екінші жыл қатарынан бізді ТМД ішіндегі үздіктердің үздігі деп мойындап отыр. Өткен жылы біз байланыс орталықтары индустриясындағы «Оскарды» «Байланыс орталығын құру/біріктірудің үздік жобасы» аталымында иеленген болатынбыз. iKOMEK командасы үшін қызметкерлеріміз салып жатқан күш-жігердің халықаралық дәрежеде мойындалуы және елорда игілігі үшін бұдан да жақсы жұмыс жасауға деген зор ұмтылыс», - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

iKOMEK қалалық мониторинг орталығында «Қаланы басқару панелі» секілді өзіндік әзірлеме енгізілген, ол статистикадан бастап, тереңінен талдау және «Жүйелі түйткілдер рейтингісін» құруға дейінгі деректерді автоматты түрде жасақтайды. Басқару панелінің мәліметтері негізінде қала және елордалық ұйымдардың басшылығы тұрғындарға барынша жайлы өмірді қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдер қабылдайды.

Еске сала кетейік, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан беріп жұмыс істеп келеді. Сол уақыттан бері қала тұрғындарынан 3,6 млн   астам өтініш қабылданды. Күн сайын 7 мыңнан 29 мыңға дейін өтініш түседі.

Сондай-ақ өтініш берудің балама тәсілдері қарастырылған:

- Әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;

- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- aitu.city порталы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109